09 мау, 2022 сағат 18:35

АЭС салатын орынды айқындадық – Тоқаев


Қазақстан атом электр станциясы салынатын жерді айқындады. Бұл туралы Шетелдік инвесторлар кеңесінің отырысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" ҚазАқпарат агенттігіне сілтеме жасап.

«Парниктік газ шығарындыларын төмендетудегі маңызды фактордың бірі - атом энергиясын пайдалану. Мұның үстіне жаңаратын энергетиканың тұрақсыздығы және газ генерациясының шектеулігі жағдайында әлемдік атом үздіксіз базалық генерацияның жалғыз көзі болады», - деді Мемлекет басшысы. 

Президенттің атап өтуінше, Қазақстанның атом энергетикасын дамытуда бірқатар нақты басымдығы бар. 

Ал атом энергетикасын Еуропалық одақ жасыл технологиялар тізіміне қосып отыр.

«Еліміз табиғи уран өндіруде әлемде бірінші орында тұр. Ядролық отын компоненттерінің өзіндік өндірісі және уранды байыту үшін мүмкіндігі бар. Қазіргі сәтте АЭС орналасатын орынды айқындадық және әлеуетті жеткізушілердің технологиясын зерделеп жатырмыз», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.