Фото: gov.kz
Қарағанды қаласының 26 жастағы тұрғыны Маңғыстау
облысынан ұсталды. Ол бірнеше алаяқтық деректері бойынша күдікке ілінген, деп хабарлайды Астана қаласы полиция департаменті.
Тергеу мәліметтеріне сәйкес, күдікті өзін пластик
терезелер мен балкон орнататын шебер ретінде таныстырып, тұрғындардан тапсырыс
қабылдаған. Алдын ала төлем алған соң ол байланысқа шықпай, міндеттемесін
орындамаған. Нәтижесінде азаматтар күткен қызметті алмай, алаяқ облыс аумағынан
қаша жөнелген.
Жедел іздестіру нәтижесінде күдіктінің орналасқан жері
Маңғыстаудағы жалдамалы пәтерден анықталып, ұсталынды. Қылмыстық тергеу
барысында 32 алаяқтық дерегі тіркеліп, барлығы бір іске біріктірілді.
Келтірілген жалпы шығын көлемі – 20 млн теңге.
Қазіргі уақытта күдікті қамауға алынды, сотқа дейінгі
тергеу амалдары жүргізілуде.
