Фото: Sputnik / Табылды Кадырбеков
Алматыда арнайы жасақ жауынгерлері танысына пышақ жарақатын салған ер адамды ұстады, деп хабарлайды қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Медеу ауданында екі таныс ер адам арасында жанжал туып,
біреуі екіншісін пышақпен жаралады.
"Оқиғадан кейін күдікті жасаған әрекетінің салдарын түсініп, оқиға орнынан қаша жаздады. Дегенмен арнайы жедел әрекет ету жасағының кәсіби әрі үйлесімді іс-қимылының арқасында ер адам дереу ұсталды", – дейді полиция.
Қазіргі уақытта оқиға бойынша тергеу амалдары
жүргізілуде.
