03 там, 2022 сағат 10:51

Innova Gold қаржы пирамидасының ұйымдастырушысы қамауға алынды


Қаржылық мониторинг агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаменті Innova Gold қаржы пирамидасының қызметін тоқтатты, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Салымшылардың жалпы саны - 1300-ден астам адам, қаржы пирамидасының қызметінен келген шығын анықталып жатыр.

Ұйымдастырушыға қатысты 2 айға дейін қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы тағайындалды.

Егер сіз немесе сіздің туыстарыңыз «Innova Gold» қызметінен зардап шексе, Агенттіктің сенім телефонына немесе аумақтық департаменттерге хабарласуыңызды сұраймыз", - делінген хабарламада.