15 мам, 2023 сағат 09:04

Головкин Қазақстан құрамасын құттықтады

Фото: Instagram/@gggboxing

Әлем боксының жұлдызы Геннадий Головкин Қазақстан ұлттық құрамасын 2023 жылғы әлем чемпионатындағы жетістігімен құттықтады, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

"Қазақстан құрамасын Ташкентте өткен бокстан әлем чемпионатындағы тамаша нәтижемен құттықтаймын!" - деп жазды ол Instagram-парақшасында.

Айта кетейік, біздің боксшылар бес финалдың төртеуінде жеңіске жетіп, тарихи табысын қайталап отыр. 2013 жылы Алматыда өткен әлем чемпионатында да Қазақстанның төрт былғары қолға шебері чемпион атанған болатын.

Бұл жолы Ташкент төрінде Санжар Тәшкенбай (48 келіге дейін), Махмұд Сабырхан (54 келіге дейін), Асланбек Шымбергенов (71 келіге дейін) және Нұрбек Оралбайлар (80 келіге дейін) жасындай жарқылдап, әлем чемпионы атағын иемденсе, Дулат Бекбауов (67 келіге дейін) күміс жүлдегер атанды.