22 нау, 2017 сағат 20:03

Головкин - әлемнің үздік боксшыларының бірі

Америкалық «The Ring» журналының сайты кәсіпқойлар арасындағы әлемнің үздік боксшылар тізімін жариялады.

19 наурыз күні «Madison Square Garden» спорт кешенінде Дэниель Джейкобсты ұпай басымдығымен жеңіп, WBA (Super), WBC, IBF және IBO тұжырымдары бойынша  чемпиондық белбеуін кезекті рет қорғап қалған қазақстандық Геннадий Головкин үшінші орынға жайғасты, деп хабарлайды dodasport.kz.

Америкалық басылым ұсынған ондық мынандай:

1. Андре Уорд (АҚШ)

2. Сергей Ковалев (Ресей)

3. Геннадий Головкин (Қазақстан)

4. Роман Гонсалес (Никарагуа)

5. Теренс Кроуфорд (АҚШ)

6. Василий Ломаченко (Украина)

7. Гильермо Ригондо (Куба)

8. Сауль Альварес (Мексика)

9. Шинсуке Яманака (Жапрния)

10. Наойя Иноуэ (Жапония)