28 ақп, 2017 сағат 08:24

Ғасыр соңына дейін жер бетіндегі жануарлардың жартысы жойылуы мүмкін

Қазіргі жануарлардың жартысы XXI ғасырдың соңына дейін жойылады. Осындай болжамды Ватиканда өткен сирек кездесетін жануарларды сақтап қалу шараларын талқылауға арналған конференцияда әлемдегі жетекші биологтар жасады, деп жазады шетелдік БАҚ-тар. 

Мамандардың дерегі бойынша қазіргі таңда бес түрлі жануардың бір түрі жойылу үстінде тұр. Ғалымдар ескерткендей, осындай қауіп заманауи техногенді өркениеттің салдарынан орын алған, деп жазады ҚазАқпарат.

Ол тек жер ресурстарын пайдаланып, орнына ешқандай пайда әкелместен экожүйені жоюда. Мысал ретінде олар қорықтар орналасқан жерлердегі сирек металдарды өндіруді, маржан рифтерін жоюды, браконьерлерді атап өтті.

Конференциядағы басты баяндамашы ретінде Стэндфорд университетінің биологы Пол Эрлих мәлімдеме жасады. Оның болжамынша, егер жағдайды бақылауға алмаса, ғасыр соңында Жердегі халық саны 12 миллиард адамға жеткенде барлық өркениет құрдымға кетеді.

«Ватикан конференция өткізуді өз мойнына алды, демек бұл дегеніміз - Жерді сақтап қалу мәселесінде дін мен ғылым арасындағы алауыздық жойылды деген сөз», - деп атап өтті іс-шараның ұйымдастырушысы экономист Сэр Парт.