06 нау, 2017 сағат 08:29

Энвер Түркелери қызметінен кетті

Ауыр атлетикадан Қазақстан ұлттық құрамасында бас маман болған түркиялық Энвер Түркелери қызметінен кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұл хабарды Қазақстан ауыр атлетика федерациясы да растады. Түркиялық маманның орнын босатқанына бірнеше ай болыпты. Айта кетейік, Түркелери Қазақстан ұлттық құрамасында он шақты жыл бас кеңесші қызметін атқарған болатын.

Естеріңізге салсақ, ол осыдан бірер жыл бұрын «Қазақтан Олимпиада чемпионын шығарамын» деп серт берген болатын. Алайда, Рио-де-Жанейро Олимпиадасында қазақ қызы Жазира Жаппарқұл ойындардың күміс жүлдегері атанды.