26 мау, 2017 сағат 09:21

Елорда күніне орай қазақстандықтар 4 күн демалады

ҚР Үкіметінің қаулысымен 1 шілде, сенбі күнгі демалыс 7 шілде, жұма күніне ауыстырылды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Осылайша, осы сенбіде жұмыс істеген қазақстандықтар келесі аптада - 6, 7, 8 және 9 шілдеде 4 күн бойы демалады.

Айта кетейік, жыл сайын 6 шілде күні тойланатын "Астана күні" Мемлекеттік мереке саналады. Оның мәртебесі еліміздің «ҚР-дағы мерекелер туралы» Заңының 3-бабында жазылған. 

Сонымен қатар 6 шілде күні Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев 77 жасқа толады.