22 қаң, 2024 сағат 18:14

Елімізде телеарналар мен радио уақытша өшіріледі

Фото: elements.envato.com

Қазақстанда жоспарлы профилактикалық жұмыстарды жүргізу үшін телеарналар мен радиостанциялар хабар таратуды уақытша тоқтатады, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" "Қазтелерадио" АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Қазтелерадио" АҚ телерадио хабарларын таратудың үздіксіз әрі сапалы болуын қамтамасыз ету мақсатында тоқсан сайын жерсеріктік, цифрлық және аналогты эфирлік желілердің техникалық құралдарында сервистерді жаба отырып, жоспарлы-профилактикалық жұмыстар жүргізеді.

Осыған байланысты, осы жылдың 24 қаңтарында сағат 03:00 мен 17:00 аралығында (Астана уақытымен) телерадио хабарларын таратуды өшіре отырып, профилактикалық жұмыстар жүргізілетінін хабарлаймыз. Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім өтінеміз", - делінген хабарламада.