Фото: kartin.papik.pro/sneg/
Синоптиктер 9-11 қаңтарға арналған ауа райы болжамын ұсынды, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
Метеорологтар болжамына сәйкес, Қара теңіз аудандарынан жылжыған циклон Қазақстанның батысынан шығысына қарай қозғалып, қар мен әртүрлі фазада жауын-шашын күтіледі, сондай-ақ қатты қар жауып, көктайғақ болады. Ал оның артынан Скандинавиялық антициклон жылжиды, бұл синоптикалық жағдай аяздың қысқа мерзімді күшеюіне әсер етеді.
"Республика бойынша қатты жел күтіледі. Еліміздің батысында, солтүстік-батысында, солтүстігінде және орталығында термометрлер түнде 20-30 аязға дейін, ал шығыста минус белгісімен 18-23 дейін төмендейді", - делінген хабарламада.