Фото: depositphotos.com
Синоптиктер Қазақстанда 4-6 қаңтарға арналған ауа райы болжамын ұсынды, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
Метеорологтар болжамына сәйкес, Қазақстанның басым бөлігінде әлі де тұрақсыз ауа райы сақталады. Жауын-шашын, негізінен қар, бұрқасын, сондай-ақ көктайғақ және екпінді жел күтіледі.
"Тек еліміздің оңтүстік-шығысында ауа-райы жауын-шашынсыз болады деп болжанып отыр. Республиканың солтүстік-батысы мен солтүстігінде түнде ауа температурасы 0-13 градус аяздан 5-25 градус аязға дейін ауытқиды" - делінген хабарламада.