08 қар, 2023 сағат 11:26

Елдің басым бөлігінде ауа райының тұрақсыз сипаты сақталады

Фото: depositphotos.com

Синоптиктер 9-11 қарашада ауа райы қандай болатыны туралы болжам жасады, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Болжамға сәйкес, барикалық алқаптардың тез өзгеруіне байланысты алдағы үш тәулікте Қазақстанның басым бөлігінде ауа райының тұрақсыз сипаты сақталады. Жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын болады.

"9 қарашада оңтүстікте, 10 қарашада батыста жаңбыр, 9-10 қарашада оңтүстік-шығыста, 11 қарашада елдің шығысында жауын-шашын (жаңбыр, қар түрінде) болады деп күтіледі. Республика бойынша жел күшейіп, түнгі және таңғы уақытта тұман түседі. Елдің солтүстік-батысында, солтүстігінде, орталығында және шығысында көктайғақ болады деп болжанған.

Кезеңнің аяғына қарай Қазақстанның оңтүстік-шығысында түнде ауа температурасы 2 градустан аяздан 3 градусқа жылыға дейін, таулы аймақтарда 5-10 градусқа аязға дейін төмендейді", - делінген хабарламада.