Фото: photocentra.ru, Николай Алехин
Синоптиктер Қазақстанда 28-30 қазанда ауа райы қандай болатыны туралы болжам жасады, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
Метеорологтар мәліметінше, алдағы үш тәулікте атмосфералық фронтальды бөлімдердің әсерінен Қазақстанның басым бөлігінде ауа-райының тұрақсыз сипаты күтіледі. Жауын-шашын жаңбыр мен қар түрінде болады. Еліміздің оңтүстігінде жаңбыр жауады, сондай-ақ жел күшейеді, көктайғақ, тұман болжанады. Ал 30 қазанда республиканың солтүстігінде жаяу бұрқасын болады.
"Температуралық фонға келетін болсақ, батыста, солтүстік-батыста және еліміздің орталығында термометр бағаны күндіз 3-15 градус жылы белгісіне жетеді, оңтүстік-батыста 12-20 градус жылы, солтүстік пен шығыста 2 градус аяз - 8 градус жылы, оңтүстікте және оңтүстік-шығыста 12-25 градус жылы ауа райы күтіледі" - делінген хабарламада.