Фото: © Sputnik / Ксения Воронина
Екібастұзда белгісіз ер азамат атыс шығарып, бір адам ауруханаға түсті, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" ІІМ Telegram-арнасына сілтеме жасап.
Полиция мәліметінше, 15 мамырда сағат 17:40 шамасында Екібастұз қаласы ПБ кезекші бөліміне М.Жүсіп көшесіндегі медициналық орталықтың жанында әйел көмек сұрап жатқаны туралы хабарлама келіп түскен.
"Аталған мекенжайға дереу жедел-тергеу тобы жіберілді. Оқиға орнына келген полиция қызметкерлері бейнебақылау камераларынан жазбаларды алып, зерделеді.
Белгісіз адам атыс қаруынан Екібастұз қаласының 32 жастағы тұрғынына оқ атқаны анықталды. Ер адам ауруханаға жатқызылды. Оқиғаның мән-жайы мен себептері анықталып жатыр" - делінген хабарламада.
Қылмыстық кодекстің 24-бабы 3-бөлігі, 99-бабы 2-бөлігі 9-тармағы, 293-бабы 3-бөлігі 2-тармағы бойынша соталды тергеп-тексеру басталды.
Күдіктілердің бірі ұсталып, УҰИ-ға қамауға алынған. Екінші күдіктінің орналасқан жерін анықтау және оны ұстау бойынша жедел-іздестіру іс-шаралары жүргізіліп жатыр.