18 шіл, 2017 сағат 10:41

Димаш «Славян базары-2017» фестивалінің жабылу салтанатында ән шырқады (Видео)

Беларусьтің Витебск қаласында өткен «Славян базары» халықаралық өнер фестивалінің жабылу салтанатына құрметті қонақ ретінде шақырылған қазақстандық әнші Димаш Құдайберген «Адажио» әнін орындады, деп хабарлайды Ұлт.кз тілшісі ҚазАқпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Көрермендер Димаштың өнеріне тәнті болып, үлкен қошамет көрсетті. Өз кезегінде, әнші өзіне осындай мүмкіндік туғызған фестиваль ұйымдастырушыларына өз алғысын жеткізді.

Айта кетерлігі, фестивальдің биылғы додасына қазақстан атынан Айгерім (Ayree) Рақышева қатысуда. Байқаудың екі кезеңінің қортындыы бойынша украиналық әнші Влад Сытник және беларусь әншісі Егора Шаранкова 151 балдан жинап, суырылып алға шықты.

Еске сала кетейік, бұған дейін еліміздің намысын Алишер Каримов, Мархаба Сәби, Динара Сұлтан, Бердібек Құлғараев сынды әншілер қорғаған. Сондай-ақ, 2015 жылғы додада Димаш байқаудың бас жүлдесін жеңіп алған болатын.