Фото: wirestock/Freepik
Синоптиктер 7-9 қазанда ауа райы қандай болатыны туралы болжам жасады, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
Болжамға сәйкес, алдағы күндері республиканың басым бөлігінде синоптикалық жағдай фронтал бөліктердің ықпалымен қалыптасады: найзағай ойнап, екпінді жел тұрады және жаңбыр жауады.
Қазақстанның батысында бұршақ жаууы мүмкін, елдің оңтүстік-шығысындағы таулы аудандарда түнгі уақытта жаңбыр мен ылғалды қар түрінде жауын-шашын болжанады. Елдің солтүстік-батысында, солтүстігінде, шығысында түнгі және таңертеңгі уақытта тұман болады деп болжанған.
"Елдің көптеген аймағында ауа температурасы түнде 2-12 градус, 7 қазанда солтүстікте жекелеген аудандарда 1 градусқа дейін, күндіз елдің солтүстік жартысында 10-20, оңтүстік жартысында 15-27 градус жылы болады", - делінген хабарламада.