21 қаң, 2021 сағат 12:01

Дәрі-дәрмектің шекті бағасын төмендету үшін қандай шаралар қолданылуда – ҚР ДСМ

Денсаулық сақтау министрлігі жұқпалы аурулардың жоғарылайтын төтенше жағдай кезінде шекті бағаны белгілеудің арнайы тәртібін белгіледі. ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Фармацевтикалық саясат департаменті директорының міндетін атқарушы Ботагөз Сыздықованың айтуынша, шекті бағаны төмендету үшін маркетингтік шығындар алынып тасталды, сондай-ақ көтерме және бөлшек сауда бағалары да азайтылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Министрлік қабылдаған шешімдер, ең алдымен, біздің азаматтарымыздың мүдделерін қорғауға, оларды дәріханалардағы бағаның негізсіз өсуінен қорғауға бағытталған. Кез келген тексеру, оның ішінде баға шектеулерін сақтауға қатысты тексеру дәріханаларға ғана емес, өндірушілер мен көтерме бағамен сатушыларға да қатысты. Сонымен қатар, әр нақты жағдайда, нақты сауда атауы және әр шекті баға үшін Денсаулық сақтау министрлігі диалогқа дайын. Бұл шешім науқастардың құқығын қорғау мақсатында қабылданды. Коронавирус инфекциясының өршу кезеңінің жазғы кезеңінде дәріханаларда дәрі-дәрмектер бағаларының жоғарылауы фактілері орын алды. Жүргізілген тексерулер нәтижесінде кейбір жағдайларда бағаны негізсіз көтеру фактілері расталды. Тиісті тергеу жұмыстары жүргізіліп, әкімшілік шаралар қолданылды. Денсаулық сақтау министрлігі төтенше жағдайлар кезінде жұқпалы аурулардың көбейіп кету жағдайында баға шектерін белгілеудің арнайы тәртібін белгіледі», - дейді Ботагөз Сыздықова. 

Оның айтуынша, шекті бағаны төмендету үшін маркетингтік шығындар алынып тасталды, сондай-ақ көтерме және бөлшек сауда бағалары да азайтылды.

«Мен әріптестерімнің не үшін алаңдайтынын түсінемін. Тексеру кезінде әр жағдайда қатысты жеке тәсіл қолданылады. Тексерулер дәріхана ұйымдарына ғана жүргізілмейді. Көтерме бағаны қайта тіркеуді жүзеге асырған кезде шекті бағаны белгілеу қағидаттарына сай әрекет ету бірінші кезекте өндірушілерден және дистрибьюторлардан да талап етіледі», - дейді ол. 

Сондай-ақ, ол коронавируспен ауырған науқастарға тегін дәрі-дәрмек қарастырылғанын айтты.

«Коронавирус инфекциясымен ауыратын науқастар тегін дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етілетінін айтқым келеді. Ауырып қалған жағдайда тіркелген емханаға жүгінуіңіз керек, ол жерде сізді емдейтін дәрігер қажетті дәрі-дәрмектерді жазып береді. Дәрігер көбінесе дене қызуын түсіретін дәрілерді жазып береді, ал қан қысымы жоғары, қант диабеті, демікпе сияқты созылмалы аурулары бар адамдар мен аяғы ауыр әйелдерге аурудың асқынуын тежейтін басқа да дәрілер жазып береді», - дейді ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Фармацевтикалық саясат департаменті директорының міндетін атқарушы. 

Сонымен қатар, коронавирус инфекциясына бактериялық инфекция қосылса, пневмонияны емдеуге арналған дәрі-дәрмек пен антибиотиктер тегін беріледі. Науқастың жағдайы нашарлай түссе, күндізгі стационарға жатқызу немесе стационарлық ем қабылдау сияқты медициналық көмек түрі ұсынылады.

«СК-Фармация» ЖШС 44 тауардың қорын сатып алды. Бұл дәл қазір сатып алынатын және аймақтық қоймаларда, сондай-ақ медициналық ұйымдарда бар антибиотиктер, антикоагулянттар, стероидты емес гормондар. Көлемі жеткілікті. Сонымен қатар, дәріханалардағы дәрі-дәрмек қоры азайып кетсе немесе кейбір дәрі-дәрмектер болмай қалса - аймақтарда жергілікті бюджет есебінен тұрақтандыру қорлары құрылды», - дейді Ботагөз Сыздықова. 

Ол шекті бағалары төмендетілген дәрі-дәрмектер коронавирус инфекциясын емдеуге арналған дәрі-дәрмектер екенін айтты. Олардың шекті бағасын Денсаулық сақтау министрлігі коронавирусты емдеудің клиникалық қаулысы негізінде бекіткен.

«Осы тізімге коронавирустық инфекцияны емдеуге қатысы жоқ дәрі-дәрмектерді енгізу туралы айтатын болсам, қазіргі уақытта Денсаулық сақтау министрлігінде көтерме және бөлшек саудада бағалардың жаңа шегін белгілеуге қатысты жоба бар, онда осы дәрі-дәрмектерге де қатысты шекті баға белгіленеді», - деді ол.