Фото: Никита Басов
Алматы әкімі Ерболат Досаев Алатау ауданына жұмыс сапары Боралдай шағын ауданындағы сумен жабдықтау және кәріз желілері құрылысының барысымен танысты, деп хабарлайды Ult.kz.
2014 жылы қалаға қосылған шағын ауданда инженерлік желілер болған жоқ. 2019 жылы тек 8,2 км магистральдық желілер салынды. Осы жылдың қыркүйек айында қала басшысының тапсырмасы бойынша 76,4 км желі, оның ішінде 52,1 км – су құбыры және 24,3 км – кәріз құрылысын көздейтін ауқымды жоба басталды. Осылайша, Алатау ауданы әкімдігінің мәліметі бойынша Боралдай шағын ауданының 4 мыңнан астам тұрғыны орталық коммуникациялармен қамтылатын болады.
Фото: Никита Басов
Бүгінгі таңда 7 км желі салынды. Нысандардың құрылысын аяқтау және пайдалануға беру 2025 жылдың қазан айына жоспарланып отыр.
Ерболат Досаев Алатау ауданының әкіміне жұмыстарды орындау кестесі мен сапасын бақылауда ұстауды тапсырды. Қала басшысы жоба белгіленген мерзімде аяқталып, барлық стандарттарға сай болуы тиіс екенін атап өтті, өйткені сумен жабдықтау және кәріз жүйесі жайлы және қауіпсіз тұрудың негізі болып табылады.
Фото: Никита Басов
Естеріңізге сала кетейік, Алматыда инженерлік инфрақұрылымды жаңғырту жұмыстары белсенді жүргізілуде. Осы жылдың 9 айында 219 км жаңа сумен жабдықтау және су бұру желілері салынды, 27,3 км қолданыстағы желілер жаңғыртылды. 2025 жылы тағы 240 км құрылыс және 48 км желіні жаңғырту жоспарланған.
Осылайша, 100 мыңға жуық қала тұрғыны үшін қабылданған шаралар кешенінің арқасында инженерлік желілердің жоғары тозуына байланысты сумен жабдықтау мен су бұрудың көпжылдық проблемасы шешілетін болады.
Фото: Никита Басов