Фото: ІІМ
Греция аумағында орналасқан Хиос аралында Қазақстан ІІМ Интерполы шетелдік әріптестерімен өзара іс-қимыл нәтижесінде халықаралық іздеуге жарияланған алаяқты ұстады, деп хабарлайды Ult.kz.
Әйел алаяқтық жасады деп айыпталуда. Ол 2021 жылы Алматыдағы ЖШС-нің бірінің бухгалтері болып жұмыс істеп жүріп, өзінің жеке шотына 230 мың АҚШ доллары мөлшерінде қаражатты заңсыз аударған.
"Қазіргі уақытта ұсталған адамды Қазақстанға беру туралы мәселе шешіліп жатыр", - дейді полицейлер.