Фото: freepik.com
Ақтөбе қаласында 30 жастағы әйел ірі мөлшерде ұрлық жасады деген күдікпен ұсталды, – деп хабарлайды Ақтөбе облысының полиция департаменті.
Полиция мәліметінше, күдікті биыл қаңтардан бастап қалада бала күтуші болып жұмыс істеген. Осы уақытта көпбалалы отбасының бірнеше зергерлік бұйымдарын ұрлап, біртіндеп жасырын ломбардқа өткізген.
Үй иелері бағалы заттарының жоғалғанын наурыз айында біліп, полицияға хабар берген. Ұрланған заттар арасында алтын сырға, алқа, сақиналар бар, жалпы келтірілген залал шамамен 3 миллион теңге.
Полиция күдіктінің ақшаны жеке қажеттіліктеріне жұмсағанын атап өтті. Қазір ірі мөлшерде ұрлық жасау дерегі бойынша қылмыстық іс тіркеліп, тергеу жүріп жатыр.
