28 сәу, 2026 сағат 14:09

Заңсыз жүрген 15 шетелдік елден қуылды: Атырауда рейд күшейді

Фото: polisia.kz

Атырау облысында көші-қон заңнамасын бұзған 15 шетелдік ел аумағынан мәжбүрлі түрде шығарылды. Оларға Қазақстанға 5 жылға дейін қайта кіруге тыйым салынды, деп хабарлайды Ult.kz.

Құқық қорғау органдарының мәліметінше, бұл азаматтар соттың елден шығару туралы шешімін орындаудан жалтарған.

Көші-қон қызметі шетелдіктердің заң талаптарын сақтауын бақылау мақсатында өңірде кешенді рейдтер жүргізіп жатыр.

Заң бұзған азаматтар Маңғыстау облысындағы Бейнеу ауданында орналасқан «Тәжен-авто» бақылау-өткізу бекеті арқылы елден шығарылды.