Фото:egov.kz
Жаңаөзен қаласы әкімі Жансейіт Қайнарбаев "Өзенмұнайгаз" компаниясы мұнайшыларының талабына жауап берді, -деп хабарлайды Ult.kz @Yyedilov телеграм арнасына сілтеме жасап.
"Менің қызым 2012 жылы "Өзенмұнайгаздың" атынан оқып, манан болып шықты. Сол кезден бері әлі жұмыс таба алмай отыр" деп шағымданған тұрғынның уәжіне әкім былай деп жауап берді:
"Бүгін БЖБ мекемесінің жұмысшылары біздің балаларымызды кезектен тыс жұмысқа алсын дейтін уәжбен тұр... Ел қатарлы кезекке тұрсын. Мұнайшының балалары мұнайшы болсын дейтін қоғам жоқ. Елдің барлығы кезекте тұр. Халықтан қандай артықшылығымыз бар?!", -деді Жансейіт Қайнарбаев.