14 қаз, 2024 сағат 16:32

Қазақстанда Telegram кеңсесін ашу жоспарланып отыр

Фото: pexel.com

Цифрлық даму министрлігінің басшысы Жаслан Мәдиев Қазақстан Telegram-мен олардың өкілін тағайындау және кеңсе ашу туралы келісімге келгенін мәлімдеді, деп хабарлайды Ult.kz.

Қазақстанның заңнамасына сәйкес, Telegram, WhatsApp және TikTok сияқты интернет-платформалардың енді елде өкілі болуға міндетті.

Жаслан Мәдиевтің айтуынша, бұл контентті бақылауды арттырудың маңызды қадамы.

Айта кетейік, Telegram - кроссплатформалық мессенджер. 2013 жылы Павел мен Николай Дуровтар негізін қалаған. Қолданба мәтіндік, дауыстық және бейне хабарламалар, сондай-ақ көптеген форматтағы стикерлер, фотосуреттер және файлдар бөлісуге мүмкіндік береді.