Фото: Pexels.com
«Қазгидрометтің» болжауынша, алдағы үш күнде күн күрт суытады. Еліміздің көп бөлігінде күн райы құбылмалы болады, оңтүстік-батыста, оңтүстікте, оңтүстік-шығыста қар аралас жаңбыр жауады.
Елдің солтүстігінде, шығысында және орталығында боран соғып, көктайғақ болады, жел күшейеді. 12 қарашада Шығыс Қазақстан облысында, 12-13 қарашада республиканың оңтүстік-шығысындағы таулы аудандарда қалың қар жауады, ал 13 қарашада Қазақстанның оңтүстігінде жаңбыр аралас қар жаууы ықтимал.
Тек елдің батысында, 14 қарашада елдің оңтүстігінде күн ашық болады.
Батыс облыстарда ауа температурасы түнде 0-ден -11 градусқа суытады. Солтүстік-батыс, солтүстік, орталық өңірлерде түнде минус 8-18, минус 3-15 градусқа дейін суытады, күндіз минус 5-12, 0-8 аралығында болады. 13 қарашада шығыста ауа температурасы түнде -10-25-ке күрт төмендейді, күндіз 5-16 градус суық болады. 14 қарашада түнде 7-20 градус аяз, күндіз 2-13 градус суық болады.
Еліміздің оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында ауа температурасы біртіндеп төмендейді, түнде +6 -6 градус, күндіз +3 - 5 градус аралығында болады.