Фото: ашық дереккөз
Бүгін қазақстандықтар Аналар күнін атап өтеді. Мамыр айының екінші жексенбісінде өтетін бұл мереке әлемнің 20-дан астам елінде тойланады және Қазақстанда да ерекше маңызға ие, деп хабарлайды Ult.kz.
Ана – тек отбасының ұйытқысы емес, қоғамның рухани тірегі. Осыны ескерген мемлекет аналарды қорғау мен қолдауды әлеуметтік саясаттың басым бағыты ретінде қарастырады. Мәселен, Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы «Аналар кеңесі» елімізде отбасы құндылықтарын нығайтуға, ұрпақ тәрбиесіне және ұлттық дәстүрді сақтауға үлес қосып келеді. Қазір оның республика бойынша 1700-ден астам бөлімшесі бар.
