09 мам, 2026 сағат 12:35

Астанада Жеңіс күніне арналған пойыздар жолға шықты


Фото: ҚТЖ баспасөз қызметі


9 мамыр күні елордадағы теміржол вокзалынан Ұлы Жеңістің 81 жылдығына арналған мерекелік пойыздар сапарға аттанды, деп хабарлады ҚТЖ баспасөз қызметі.


№9/10 "Астана – Алматы", №85/86 "Астана – Шымкент" бағытындағы "Тальго" пойыздары,


№6803/6804 "Астана – Атбасар", №7502/7501 "Астана – Павлодар", №7507/7508 "Астана – Көкшетау" электр пойыздары арнайы тақырыптық безендірумен жолға шықты.

Бұл бастама Ұлы Отан соғысында ерлік көрсеткен қазақстандық қаһармандардың рухына тағзым етуге арналады.


"Пойыз вагондарына қазақ халқының батыр перзенттері — Бауыржан Момышұлы, Рақымжан Қошқарбаев, Әлия Молдағұлова, Мәншүк Мәметова, Хиуаз Доспанова, Нүркен Әбдіров, Төлеуғали Әбдібеков, Сағадат Нұрмағамбетов, Қасым Қайсенов, Мәлік Ғабдуллин мен Талғат Бигелдиновтің портреттері орналастырылды", - деп жазылған хабарламада.



Тақырыптық безендірілген пойыздар мамыр айының соңына дейін қатынайды.