12 мам, 2023 сағат 21:38

Бокс: Шымбергенов Әлем чемпионатының финалына шықты

Фото: Instagram/boxingkazakhstan

Қазақ боксшысы Асланбек Шымбергенов Ташкентте өтіп жатқан Әлем чемпионатының жартылай финалында үндістандық Дев Нишантты жеңді.

71 келі салмақ дәрежесінде бақ сынаған ұлттық құрама капитаны қарсыласынан 3:2 есебімен басым түсті. Осылайша бүгін Қазақстанның төртінші боксшысы финалға шығып отыр.

Бұған дейін 67 келі салмақ дәрежесінде Дулат Бекбауов жартылай финалда грузиялық Лаша Гурулиді ұтты. Сондай-ақ Санжар Тәшкенбай (48 келі) мен Махмұд Сабырхан (54 келі) да финалға жолдама алды.

Айта кетейік, Әлем чемпионатының сыйақы қоры – 5,2 млн доллар. Алтын медаль алғандарға - 200 мың доллар, күміске - 100 мың доллар, ал қола үшін 50 мың доллар беріледі.