Америкалық музыкант және ақын Боб Дилан алдағы демалыста Нобель сыйлығын алатын болды. Бұл туралы сәрсенбі, 29 наурызда «Би-би-си» хабарлады.
Швед академиясының өкілдері лауреатпен Стокгольмде кездесетінін айтты, ол жерде Диланның екі концерті өтеді деп жоспарланған.
Оның сыйлық алу үшін міндетті боп саналатын дәстүрлі Нобель дәрісін оқымайтыны, видеожазба ғана жіберетіндігі атап өтілген.
Бұдан бұрын академия хатшысы Диланға "егер ол 10 маусымға дейін мәтінді оқымаса, сегіз миллион швед кронын(911 мың доллар) құрайтын ақшалай сыйлық берілмейді" деген үзілді-кесілді талап қойған.
Естеріңізге сала кетейік, Швед академиясы ақынға «Америкалық ән дәстүрі аясында жаңа ақындық мәнер қалыптастырғаны үшін» тұжырымымен 2016 жылғы 13 қазанда Нобель сыйлығын тағайындаған. Ал, мекеме өкілдері ұзақ уақыт музыкантпен байланысқа шыға алмаған еді. Ақыр соңы, ол сыйлықты табыстау рәсіміне қатысудан бас тартқан-тын.