23 мам, 2023 сағат 09:55

БҚО-да қаржы пирамидасын ұйымдастырды деген күдікті ұсталды

видеодан алынған кадр

ҚМА аумақтық департаменті Батыс Қазақстан облысында жеке тұлғалардан 24 пайыздан 54 пайызға дейінгі мөлшерде төлемдер беру уәдесімен қаражат тарту мақсатында «Life is good» және «Hermes» жобалары бойынша қаржылық (инвестициялық) пирамидаларын ұйымдастыруға күдікті тұлғаларға қатысты қылмыстық істі тергеп жатыр, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Қаржылық мониторинг агенттігіне сілтеме жасап.

ҚМА мәліметінше, тартылған қаражат көлемі 120 миллион теңге болған.

"Қазіргі уақытта қаржылық пирамиданы ұйымдастырды деген күдікке ілінген азаматша ұсталып, соттың санкциясымен екі ай мерзімге қамауға алынды. Соталды тергеп-тексеру жалғасып жатыр", - делінген хабарламада.

Еске салайық, бұған дейін Қаржылық мониторингі агенттігі қаржы пирамидасы ретінде әрекет етеді деген күдікке ілінген, сондай-ақ сот үкімі шыққан ұйымдардың кеңейтілген тізімін жариялаған болатын.

Егер сіз не жақындарыңыз қаржы пирамидасының әрекетінен зардап шексеңіз, ҚМА саll-орталығына хабарласу ұсынылады. Азаматтарды қырағы болуға және жинақтарын күмәнді қаржы институттарына салмауға шақырамыз.