#
#
Дүйсенбі 08/03/2021

Бие сүті қазақстандықтардың өмірін ұзартуға көмектеседі

  • 28.03.2017
  • 4
  • 3788

Академик Төрегелді Шарманов қазақстандық нарыққа жаңа сүт өнімін шығарғалы отыр. Бүгін оның сапасына  «Нұр Отан» партиясы Төрағасының Бірінші орынбасары мен Алматы әкімі баға берді, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Мұхтар Құл-Мұхаммед пен Бауыржан Байбек Қазақ тағамтану академиясының зауытында болды. Зауытта иогурттан бастап шоколодқа дейін – өнімнің 30 атауын шығару жолға қойылған. Тағамның бәрі де денсаулыққа пайдалы болып табылатын бие сүтінің негізінде жасалған.  

«Нұр Отан» партиясы Төрағасының Бірінші орынбасары таза табиғи сүттен жасалған өнімнің бүгінгі таңда барлық әлемде сұранысқа ие екенін атап өтті. Мұхтар Құл-Мұхаммед тап осындай өндірістердің сыртқы нарықта Қазақстанның аграрлық секторының негізгі басымдығы бола алатынына сенім білдірді.

Сонымен қатар, ол академик Шармановтың пайдалы ұсынысына қолдау білдіріп, отандық ғалымдар мен фермерлерді одан үлгі алуға шақырды.

 Ұлт порталы

4 пікір

  • ТөреСейсенбі, 28.03.2017

    Жақсы бастаманы қолға алыпты. Енді бас партия бұл жаңашылдықты жариялауға, халық арасында жарнамалауға қол үшін берсе жақсы болар еді.

  • ЖебеСейсенбі, 28.03.2017

    Былай қарасан нағыз қымыздан жасалған тағамдар. Міне саған жаңалық. Бұл трэндты тезірек тарату қажет қой. Дүкендердің сөрсесінен қашан көре алады екенбіз. Құл-Мұхаммед нағыз қазақи брэндты қолдаушы азамат. Алғашқы болып өзі танысып жатқанына қарағанда бұл тауардың болашағы зор болмақ!

  • ӘлжанСейсенбі, 28.03.2017

    Тамаша жаңалық! Бастама жалғасы тапса игі!

  • Әбді Ғалым ОспанДүйсенбі, 03.04.2017

    Зәрін ішіп малғұнның бойыңда қаның іріді.
    Тобылғы, қайың ыстаған қораңда күбің шіріді.
    Сары бал болған сары қымыз қорыда қалмай құрыды.
    Сарқыты қалмай салтыңның шығардың қандай ырымды?
    Қымызың қайда Қазекем? түсірд - ау шампан құныңды.

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться

Маңызды мақалалар

БАННЕР