16 шіл, 2017 сағат 09:49

Белгілі актер Владимир Толоконников дүниеден озды

Кино және театр актері Владимир Толоконников қайтыс болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ресейлік life.ru сайтына сілтеме жасап.

«Мәскеуде 75 жасына қараған шағында кино және театр актері Владимир Толоконников дүниеден озды. Владимир Алексеевич дәрігерлердің бақылауында болған. Кеше, 15 шілде күні әртістің жүрегі тоқтады», - деп жазады сайт.

Владимир Толоконников 1943 жылы 25 маусымда Алматы қаласында дүниеге келген. ҚазКСРО-ның еңбек сіңірген әртісі. 1973 жылы Ярославль театр училищесінің актерлік факультетін аяқтады. 1988 жылы «Собачье сердце» фильмінде Полиграф Полиграфович  рөлін сомдағаннан кейін танымалдылыққа ие болды.

Сондай-ақ П.В.Точилиннің «Хоттабыч» фильмінде басты рөлді ойнады, онда актер интернет-мәдениетпен бетпе-бет келген қазіргі заманның джині болады. Хоттабыч рөлі үшін «MTV-2007»  киножүлдесінің номинациясын жеңіп алды.

Толоконников 60-тан астам фильм мен сериалға түскен. Соңғы жылдары Алматыдағы Лермонтов атындағы республикалық академиялық орыс драма театрында жұмыс істеп, онымен бір мезгілде киноға түсіп жүрді.