10 мау, 2022 сағат 12:28

Бауыржан Байбектің Түркия әуежайында жүргені анықталды - видео


Алматының экс-әкімі, «Нұр Отан» партиясы төрағасының бұрынғы бірінші орынбасары Бауыржан Байбектің Стамбұл әуежайында жүрген видеосы тарады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Еске сала кетейік, қаңтар айының соңында Nur Otan партиясының кезектен тыс XXI съезі қорытындыланды. Саяси кеңес құрамынан бірқатар саясаткерлер шығарылды, оның ішінде Мәжіліс депутаты Дариға Назарбаева мен бұрынғы премьер-министр Асқар Мамин, партия төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек, Мемлекеттік хатшы Ерлан Қарин, Қызылорда облысының әкімі Гүлшара Әбдіқалықова бар.

Ақпан айының басында Бауыржан Байбек Nur Otan партиясы төрағасының орынбасары қызметінен кетті. 

Сәуір айында әлеуметтік желіде Бауыржан Байбектің анасымен бірге кіші қажылықта жүрген суреті жарияланды.