Абдолла Қарсақбаевтың «Балалық шақтың кермек дәмі» фильмі - жалын құшқан жас ғұмыр, сұм соғыс ерте есейткен тамыры тұлдыр, болашағы бұлдыр бейкүнә балалар тағдыры туралы.
...1943 жыл. Соғыстан шалғай жатқан елді мекен. Сырдария өзенінің бойымен соғысқа, соғыс өрті шарпыған жерлерге қажетті жүктер тасымалдануда. Фильмдегі кейіпкерлер - Зейнолла ақсақал мен Дариға, Мұхтар және Әмір есімді жасөспірімдер жеңіл қайықпен тынымсыз еңбек етеді. Ақсақал кенеттен қайтыс болғанда асау өзен үстінде өмірдің қиындығымен бетпе-бет келіп, сын сағатта адами рухтарын сақтап қалады.