16 ақп, 2023 сағат 17:04

Әйелін бауыздап өлтірген ер адам 19 жылға сотталды

Фото: kun.uz

2022 жылдың тамызында Өзбекстанда 31 жастағы ер адам өзінен 7 жас кіші әйелін әкесінің үйінде бауыздап өлтірген. Сот оны 19 жылға бас бостандығынан айырды, деп хабарлайды Azattyq ruhy.

Өзбекстанның Kun.uz сайтының жазуынша, ер адам әйелін өлтірместен бір күн бұрын балабақшаға келіп, оны балаларының көзінше қатты соққыға жыққан. Сотта ер адам әйелін ұрып-соғуының себебі – қызғаныш болғанын айтады. Ал, оны бауыздауға қатысты істе әйелінің қолындағы пышақ мойнына байқамай кіріп кетті деп ақталған.

«Түнде сөйлесіп жатқанда әйелімнің қолында пышақ болды. Мен оны тартып алмақ болғанда, байқамай, әйелімнің мойнына кіріп кетті», - деген ол.

Бірақ сот оны «әдейі адам өлтіру» және «қарақшылық жасау» баптарымен 19 жылға соттады.