22 мау, 2022 сағат 16:35

Ауғанстанда жер сілкінісінен 250-ден астам адам опат болды


Ауғанстанның шығысында магнитудасы 6,1 жер сілкінісі болды. Соның нәтижесінде кем дегенде 920 адам қаза тауып, кемі 600 адам жараланған, деп хабарлайды Азаттықтың Ауған қызметі "Талибан" үкіметіне сілтеме жасап.

АҚШ геология қызметінің хабарына қарағанда, 22 маусым таңертең болған жер сілкінісінің ошағы — Ауғанстан астанасы Кабулдың оңтүстік жағы, Пәкістанмен шекарадағы Хост қаласының маңы.

Еуропа Жерорта теңізі сейсмология орталығының ақпаратына қарағанда, жер сілкінісі ошағынан 200 шақырымдағы Кабул қаласында да сілкініс қатты байқалып, дүмпу қайталанған. Жер дүмпуін Хосттан 300 шақырымдағы Пәкістанның астанасы Исламабад қаласы да сезген.

Пәкістанның метеорологиия қызметі жер сілкінісінің магнитудасын 6,1 деп бағалаған.