Фото: osken-onir.kz
Қазіргі кезде қоғамда ата-аналар балаларын әскерге борышын өтеуге жіберуге құлықсыз деген пікір бар. Оған әскерде борышын өтеп жүрген жерінде басынан жарақат алып, мүгедек болып қалған Ұлттық ұланның жауынгері Ербаян Мұхтардың жағдайы, Ақтаудағы горнизонда сарбаз Марат Барқұловтың қаза табуы сияқты қылмыстар себеп болып отыр.
Бірақ сонда да ҚР Қорғаныс министрінің тәрбие және идеологиялық жұмыс жөніндегі орынбасары, генерал-майор Шайх-Хасан Жазықбаев үрейленуге негіз жоқ деп есептейді.
"Мерзімді әскери қызметшілер 24 сағат қадағалауда. Біріншіден, рота бойынша кезекші болады, оның қасында екі тәуліктік кезекшісі бар, сонымен үш адам. 24 сағатта қай уақытта сабаққа шығуы керек, қай уақытта таңғы асқа баруы қажет және қай уақытта азанғы дене жаттығуына шығатынының бәрі қадағалауда. Одан бөлек, жаңа айтып өттім, "Серіктес" деген - ол жауапты офицер, жауапты сержант солардың қасында жүріп жарғыдан тыс іс әрекеттер болмауын қадағалап, қарап жүреді. Одан кейін, профилактикалық бөлме деп айтқаным, әр бір ротаның үй-жайында әскери полицияның өкілі болады. Ол да өзінің тармағынан қадағалау жүргізеді. Ал жұмыс уақытында, азанғы сағат 9:00-ден кешкі сағат 18:00-ге дейін сол жердегі барлық бөлімше комондирлері взвод, рота, бригада комондирлерінің қадағалауында. Ешқандай үрейленетіні жоқ. Біз бар күшімізді салып жатырмыз. Жұмыстарды өткеріп жатырмыз. Әскерге барардың алдында Қазақстан Республикасының әр-бір азаматы моральдық-психологиялық дайындалып, физикалық түрде дайындалып, әскерге келу керек. Және де айта кетерім, қарулы күштердің негізгі мақсаты ол жауынгерлік дайындық және жауынгерлік әзірлік ел басына күн туған кезде 1-2 сағаттың ішінде жиналып, көмекке немесе жаудың бетін қайтаруға дайындайтын жер", -дейді генерал-майор Жазықбаев.
Құзырлы орган өкілінің берген мәліметтері бойынша елде былтыр 159, ал биыл елде 131 қылмыстық құқықбұзушылық тіркелген екен.
Тағы оқыңыз: ҚОРҒАНЫС МИНИСТРІ ӘСКЕРИ ҚЫЗМЕТШІЛЕРДІҢ ӨЛІМІ ОҚИҒАЛАРЫН ТОҚТАТУДЫ ТАПСЫРДЫ