04 ақп, 2025 сағат 12:23

Қазақстан мен Әзербайжан қорғаныс саласы бойынша бірқатар келісімге келді


Фото: ҚР ҚМ баспасөз қызметі

Қазақстанның Қорғаныс министрлігіне Әзербайжанның әскери делегациясы келіп, бірқатар келісімдерге қол қойылды, деп хабарлайды Ult.kz.

Қазақстан қорғаныс ведомствосының басшысы генерал-полковник Руслан Жақсылықов Әзербайжан Қорғаныс министрінің орынбасары – Бас директор Агиль Гурбанов бастаған шетелдік делегацияны қабылдады.

"Кездесу барысында тараптар қазақ-әзербайжан ынтымақтастығының достық және стратегиялық деңгейін атап өтті. Кездесу қорытындысы бойынша қорғаныс саласындағы ары қарайғы қарым-қатынас бойынша бірқатар келісімдерге қол жеткізілді", -делінген хабарламада.