04 жел, 2025 сағат 15:44

ШҚО-да жол қауіпсіздігіне арналған көлемді ескерту белгісі орнатылды

Фото: Polisia.kz

Өскемен – Алтай – Рахман қайнары тасжолында ПД бастамасымен ерекше профилактикалық ескерту белгісі орнатылды, деп хабарлайды Ult.kz.

Биіктігі тоғыз метрді құрайтын алып бөтелкенің ішінде жол-көлік оқиғаларынан қатты зақымданған көліктер қойылған.

Бұл ескерту белгісі жүргізушілерге жолдағы салғырттықтың қаншалықты ауыр салдарға әкелетінін және мас күйде көлік басқарудың қауіп-қатерін түсіндіруге арналған.

"Есіңізде болсын! Жол ешқашан қателікті кешірмейді. Сондықтан полиция қызметкерлері барлық азаматты жол тәртібін қатаң сақтауға шақырады", - деп ескертті ІІМ.