05 жел, 2025 сағат 11:10

Семейде 25 мың орындық стадионның құрылысы басталды

Фото: Абай облысы әкімдігі

Абай облысы әкімдігі баспасөз қызметінің мәліметінше, Семей қаласында 25 мың көрерменге арналған стадионның құрылысы басталды, деп хабарлайды Ult.kz.

Жер телімінің жалпы аумағы – 20 гектар. Жаңа нысан УЕФА стандарттарына сай келеді. 

Қазіргі уақытта құрылыс жұмыстарын жүргізетін мердігер ұйыммен үш жақты келісімшарт жасалған. Жоба құрылысы 2 жылға созылады.