Астанадағы төтенше жағдайдың мән-жайы анықталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Қазақстанның ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаевтың айтуынша, тұрмыстық сипаттағы қақтығыс болған.
"Қақтығыс толықтай шешілді. Біз Астана тұрғындарын арандатуға ермеуге шақырамыз, таяу уақыттарда елорда ІІД өкілдері оқиға жайлы толықтай пікір білдіреді. Қақтығыс тұрмыстық сипатта. Әкімнен пікір болады. Дүрбелең мен ойсыз әрекет жасамауға шақырамыз", - деді ведомство басшысы.
Ал өз кезегінде елорда әкімі Әсет Исекешев те бұл оқиғаның тұрмыстық сипаттағы қақтығыс екенін айтты. "Күзетшілер мен шетелдік жұмысшылар қақтығысқан. Құқық қорғау органдарының қызметкерлері оқиға орнына барды. Оқиға шешілді. Тұрғындарды арандап қалмауға шақырамыз", - деп пікір білдірді Исекешев.
Айта кетейік, осыған дейін Астанада полиция көліктері бірнеше көшені қоршауға алғаны хабарланған еді. Нақтырақ айтқанда, Алматы, Жәнібек Керей хандар, Ақмешіт және Түркістан көшелері қоршауға алынған. Оқиға орнында құқық қорғау органдарының қызметкерлері жүрген. Ал әлеуметтік желі қолданушылары оқиға орнынан суреттер мен видеолар жариялап жатыр. Кадрлардан полицейлерді, өрт сөндіру көліктерін, бір топ адамды көруге болады.
Толығырақ: https://massaget.kz/layfstayl/sport/zhanalyktar/47896/
Материалды көшіріп басқанда Massaget.kz сайтына гиперсілтеме міндетті түрде қойылуы тиіс. Авторлық құқықты сақтаңыз