02 қыр, 2017 сағат 21:11

Астанадағы шу: Полиция бірнеше көшені қоршауға алды (видео)

Астанада төтенше жағдай болып, бірнеше көше қоршауға алынды. Белгілі болғандай, сол жағалаудағы Алматы, Жәнібек Керей хандар, Ақмешіт және Түркістан көшелері қоршауға алынған.

Әлеуметтік желілерде таралған ақпараттарға сүйенсек,  полейцейлер мен топтанған адамдарды көруге болады. Оқиға орнынан жедел жәрдем мен өртке қарсы қызмет көліктері де келіп жеткен.

Алдын ала тараған мәлімет бойынша, "Абу-Даби Плаза" құрылыс кешіндегі жұмысшылар төбелескен. Арасында өзге ұлт өкілдері болуы мүмкін.