#
#
Жексенбі 09/08/2020

Астанада тәулігіне 45 мың маска шығаратын зауыт іске қосылды

  • 02.07.2020
  • 0
  • 214

Астанада маска шығаратын тағы бір кәсіпорын ашылды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Бұл жөнінде Айдар Махамбет атты қолданушы Facebook парақшасында жазды. 

«Мына індетке қарсы күресу үшін біздің достарымыз елордамызда жаңа маска зауытын іске қосқалы тұр. Әлі сертификаттарын алу керек, одан кейін зауыттың өнімін сатып алуға болады. Атап айтқанда «Болашақ 2019» ЖШС тәулігіне 45 мың бетперде шығарады» деп жазады Айдар Махамбет. 

Еске сала кетейік, 30 маусымдағы жағдай бойынша, елімізде тәулігіне 772 мың бетперде өндіріледі. Оның ішінде фармацевтикалық кәсіпорындар - 567 мың, тігін кәсіпорындары - 204 мың дана тігеді. Қоймаларда 4 млн астам бетперде бар. Тиісті ақпарат «СҚ-Фармация» ЖШС-не беріліп тұрады. Өз кезегінде ҚР Денсаулық сақтау министрлігі өндірілген өнімді ел өңірлеріне бөледі.

Бүгінде дәке және бөзден тігілген бетперделер атқарушы органдармен жасалған шарт негізінде жеткізіледі.

Қазіргі кезде бетперде өндірісі ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің қатаң бақылауына алынды. Қосымша өндірісті іске қосу және өндірісті кеңейту нәтижесінде бетперделер өндірісінің көлемі тәулігіне 1 млн данаға жетті.

0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться

Маңызды мақалалар

БАННЕР

Аймақтар жаңалықтары

Басқа да мақалалар