23 мам, 2023 сағат 13:36

Астана маңындағы балық аулау бекетінен қарасора өсіретін жасырын зертхана табылды

Фото: Polisia.kz

Астана маңындағы балық аулау бекетінен қарасора өсіретін жасырын зертхана табылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жедел-іздестіру іс-шараларын өткізу кезінде полиция қызметкерлері жабайы қарасора өсірумен айналысқан 49, 48 және 47 жастағы қаланың үш тұрғынын ұстады. Жеке үйде тұратын ер адамдардың бірін тінту кезінде үйдің моншасынан 6 түп кендір мен құмыраларда өсірген 26 түп бұта табылған.

Сондай-ақ өсімдіктерге арналған желдеткіштер, температура шамдары, құрғақ және сұйық тыңайтқыштар табылған. Тергеу барысында бұл жігіттердің Көктал көлінің маңындағы балық аулау бекетінде жұмыс істегені анықталды. Олар кендір бұталары бар құмыраларды тасымалдап, фермадағы жерасты зертханасында өсірген.

"Станцияны тінту барысында құмыраларға салынған 55 түп кендір, есірткі заты бар 9 дана полиэтилен байламдары табылып, тәркіленді. Қазіргі уақытта ұсталған ер адамдар уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Оларға қатысты ҚР ҚК-нің 296-бабының 3-бөлігі (Есірткі, психотроптық заттармен, сол тектестермен өткізу мақсатынсыз заңсыз жұмыс істеу) бойынша айып тағылды" - делінген хабарламада.

Астана қаласының полиция департаменті қала тұрғындарын есірткінің заңсыз айналымы деректері туралы белгілі болған жағдайда Астана қаласы ПД есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының анонимді сенім телефондарына: 71 -63-93, 71-62-60 немесе тәулік бойы “102” арнасына хабарласуды ескертеді.