10 мау, 2022 сағат 23:15

"АрселорМиттал Теміртау" цехында болған оқиғаның мән-жайы айтылды


ҚР ТЖМ Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті "АрселорМиттал Теміртау" АҚ еншілес кәсіпорны "Құрылысмет" ЖШС ұстапрестеу цехында болған оқиғаның мән-жайын айтты, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

"10 маусым сағат 14:30 шамасында Қарағанды облысы, Теміртау қаласында орналасқан "АрселорМиттал Теміртау" АҚ еншілес кәсіпорны "Құрылысмет" ЖШС ұстапрестеу цехында топтық жазатайым оқиға болды.

Алдын ала деректер бойынша, жұмыс істемейтін термопештегі отқа төзімді қалауды демонтаждау бойынша жұмыстарды жүргізу кезінде пеш күмбезінің құлауы орын алған, нәтижесінде 5 қызметкер үйінді астында қалған. Апат салдарынан 4 адам қаза тауып, тағы біреуі қалалық орталық ауруханаға жеткізілді", - делінген хабарламада.

Топтық жазатайым оқиғаның барлық мән-жайы мен себептерін анықтау мақсатында арнайы тергеп-тексеру жүргізу үшін комиссия құрылатыны айтылады.