17 мам, 2023 сағат 11:31

"Antares" қаржы пирамидасын ұйымдастырушысына үкім шықты

Фото: Бауыржан ЖУАСБАЕВ, BAQ.KZ

Қостанай облысында "Antares" қаржы пирамидасын ұйымдастырушысы сотталды, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Қаржылық мониторинг агенттігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Пирамиданы ұйымдастыру фактісін ҚМА Қостанай облысы бойынша департаментінің қызметкерлері анықтады.

"2021 жылы сотталушы "Antares" қаржы (инвестициялық) пирамидасының құрылымдық бөлімшесінің қызметін басқарғаны және адамдар алдын ала сөз байласу бойынша азаматтарды шетел валютасындағы қолма-қол ақша салуға тартқаны, күнделікті кепілдендірілген пайда алу мүмкіндігі туралы жалған ақпарат таратты", - делінген хабарламада.

Бұл әрекеттермен 33 жәбірленушіге жалпы сомасы 50 миллион теңгеге жуық материалдық залал келтірілген.

Сот сотталушының 3 жас баласының болуы мен жүктілігін есепке ала отырып, жазаны орындау 5 жылға кейінге қалдырылды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.