27 қаз, 2023 сағат 18:12

Әнші Әли Оқапов күтпеген мәлімдеме жасады - видео

Фото: aliokapov/Instagram

Белгілі әнші Әли Оқапов күтпеген мәлімдеме жасады. Ол әлеуметтік желідегі шудан соң барлық марапатынан бас тартты, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«Қадірлі достар, әріптестер және осы бейнежазбаны көріп отырған жандар. 

Соңғы оқиғалар осылай қызу талқыланады деп күтпедім. Бірақ ештеңені байқамағандай, ештеңеге мән бермегендей жүре алмаймын. Осы видео арқылы мен 32 жыл ғұмырымда телеарналар мен радиостанциялардан, қоғамдық ұйымдардан, жеке жобалардан алған барлық музыкалық марапаттан бас тартатынымды жеткізгім келеді. Мұны баяғыдан жасағым кеп жүр еді, себебі кішкентай ұлыма жеке бөлме қажет, ал кабинеттің сөрелерінде тұрған темір жүлделер ол үшін өте қауіпті. Енді, міне, осыны жасаудың сәті түсті.

Мемлекеттік наградаларға келсек, оларда ҚР Мемлекеттік рәміздері болғандықтан, бұл жерде жағдай күрделі. Мен заңдарды зерттеп, қайтару нормативтері туралы іздендім. Алайда ештеңе де таппадым. Мұндай норма жоқ. Меніңше, бұлай ешкім жасамаған. Сол себепті бұл наградалар уәкілетті органның шешімін күтеді. Шешім қандай болса, солай жасаймын. Яғни менен талап етілетін нәрсенің бәрін істеуге дайынмын" - дейді әнші.


Сонымен қатар Әли Мәдениет және ақпарат министрлігіне алғыс білдірді.

"Марапат беруге атсалысқан адамдарға алғыс айтамын. Мен ештеңе сұраған жоқпын, тіпті, білмедім. Ертең марапаттау рәсіміне қатысуым керек екенін түнде хабарлады. Марапаттауға келген кезде де не күтіп тұрғанын білмедім. (...)

Жалпы, әртіс үшін халықтың қошеметінен жоғары марапат жоқ деп ойлаймын.

Мен - бақытты адаммын. Отбасым, музыкам, тыңдарманым бар.

Ал ең үлкен марапат пе атағымды 17 ақпанда - әке атанған кезімде алдым. Сол атқа лайық болуға тырысамын. Жалпы, егер де мен біреуді ренжіткен болсам, кешірім сұраймын, олай болғанын қалаған жоқпын. Сондай-ақ мені жақтап жатқан жандарға алғысым шексіз.

Шынымды айтсам, жаһандық деңгейде қорқынышты ештеңе де болмады. Құдайға шүкір, ешкім зардап шеккен жоқ. Тарихтың бұл парағынан өтіп, шынымен де маңызды сұрақтар мен мәселелерге назар аудара аламыз.

Мен жаспын, бәрі алда деп үміттенемін. Бәлкім, осы рөлге сәйкес келмейтін шығармын, бұл да қалыпты жағдай. Сондықтан Тасқын Оқаповтың, Роза Рымбаеваның ұлы, әрі қарапайым поп-орындаушы ретінде кешірім сұраймын. Баршаңызды құшақтадым, алғысымды білдіремін", - деп түйіндеді әнші.

Еске салайық, кеше ғана Әли Оқапов "Құрмет" орденінің иегері атанған болатын. Бұл жәйтқа байланысты желі қолданушылары әртүрлі пікір қалдырған.

"Бүгін "Құрмет" орденінің иегері атандым! Шынымен күтпеген жағдай болды. Әрине, көп рақмет! Осы атаққа лайық еңбек етуге, маған артқан сенімді ақтауға барымды саламын. Құттықтауларыңызға рақмет! Басымды иемін!", - деп жазды әншінің өзі.

Фото: aliokapov/Instagram