12 мам, 2023 сағат 18:21

Алматы облысы мәдениет басқармасының басшысы қамауға алынды

Фото: matritca.kz

Алматы облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет «Алматы облысының мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы»» мемлекеттік мекемесінің басшысына және басқа да адамдарға қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Лауазымды тұлға қолма-қол ақшаға айналған және өз қалауы бойынша пайдаланылған бюджет қаражатын жымқырды деген күдікке ілінген.

"Мемлекеттік органның басшысы 30 сәуірде Іле ауданы тергеу сотының санкциясымен қамауға алынды.

Сотқа дейінгі тергеу жалғасып жатыр. ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес тергеу мүддесінде өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

Конституцияның 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасына және қылмыстық іс жүргізу кодексінің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық құқықбұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін әрқайсысы кінәсіз деп есептеледі" - делінген хабарламада.