Британдық The Independent басылымы әлемнің әбеди картасын шығарды. Онда Қырғызстаннан әлем әдебиетінің классигі Шыңғыс Айтматовтың "Жәмила" повесі ұсынылған.
Бұл картада Қазақстанды Айтматовтың тағы бір шығармасы - "Ғасырдан да ұзақ түн" ("The Day Lasts More Than a Hundred Years") романы таныстырады.
Басылым осы шығармалар арқылы басқа да мәдениеттерді жақынырақ білуге болатынын жазды.
Өзбекстанды - Том Бисселдің "Теңізге шығар жол" шығармасы, Тәжікстанды - Андрей Волостың "Хуррамабад" романы, ал Түркіменстанды - Ак Вельсапардың "Айпи туралы аңыз" шығармасы арқылы тануға болады. Ресей атынан Лев Толстойдың "Бейбітшілік және соғыс" романы ұсынылған. Картаға әлемнің 197 елі енген.