04 мау, 2022 сағат 11:05

Әлемде 909 адам маймыл шешегі ауруын жұқтырды


Маймыл шешегі вирусын жұқтырған 900-ден астам адам анықталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Вирустың бүкіл әлемде таралуын көрсететін интерактивті карта маймыл шешегі ауруының 909 жағдайы тіркелгенін жеткізді.

Ұлыбританияда 225 адам маймыл шешегін жұқтырған, олар инфекцияның таралуы бойынша тізімде көш бастап тұр.

Одан кейін тізімде Испания (186 жағдай) мен Португалия (143 жағдай) тұр.